Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ашура күні ауызашар берілді (фото)

12.10.2016 3972 0 пікір

Ашура күні ел мұсылмандары арасында айрықша аталып өтеді. Елорда іргесіндегі Теміржолшылар кентінде орналасқан «Әс-Сәлам» мешітінде айтулы күнге орай ауызашар берілді.

Бас имам Нұрбол Әбсаттарұлы бастаған мешіт ұжымы ораза ұстаған дайындық курсының шәкірттері мен жергілікті жамағатқа арнап дастархан жайып, тәлімді-тағылымды кездесу өткізді.

Отырыс барысында бас имам Н. Әбсаттарұлы ашура күнінің мән-маңызы мен осы күні жасаған құлшылық, тұтқан оразаның сауабы турасында баяндап өтті. «Бізге жеткен деректерде ардақты пайғамбарымыз Меккеден Мәдинаға хижрет еткен кезінде, яхуди қауымының Ашура күні ораза ұстайтынын көріп, мұның мәнін олар Мұса пайғамбар мен Исраил қауымының Перғауынннан құтқарылуына Аллаға шүкірлікпен байланыстыратынын естиді. Осы кезде Алла елшісі «ендеше, Мұса біздерге өте жақын пайғамбар» деп, өз үмметіне де осы күндері ораза ұстауды бұйырған. Сол кезден бастап Ашура қасиетті уақыт ретінде бағаланды. Асыл дінімізде осындай айрықша аталған күндер біздерді, мұсылман жамағатын құлшылыққа, көбірек ізгі істер жасауға құлшындырады» деді бас имам.

Бас имамның ғибратты уағызын тыңдаған жамағат, ашура ауызашарына арналған дастарханнан дәм татты.

Ал шағын кенттегі «Әс-Сәлам» мешіті жергілікті жамағатты бірлікке ұйытып, ізгілікке шақыратын осындай мәнді, мағыналы кездесулерді ұдайы өткізіп келеді. Бүгінде әр жұма күні жамағатпен кешкі намаздан соң жүздесу игі дәстүрге айналған.

 


 

«Нұр Астана» орталық

мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру