
Халықаралық «Қарттар күні» мерекесі қарсаңында ҚМДБ Өскемен аймағында «Қарттарға құрмет-ұрпақ парызы» акциясы жарияланды.
Акция аясында Өскемен қаласы мен өкілдікке қарасты аудандарда жалпы саны 134 қарияға құрмет көрсетілді.
Ақ жаулықты қарт аналарға Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде арнайы ас беріліп, құрмет көрсетілді.
Мешіт қызметкерлері қарттардың үйіне арнайы барып, хал сұрап, сыйлықтар табыс етіп қайтты. Сонымен бірге, «Хоспис» мекемесіндегі қарттарға қайырымдылық шарасы жасалды. Қариялар да мешіт ұжымына алғыстарын айтып, бата берді.
«Аға буын өкілдерін, қазыналы қарттарымызды құрметтеу бүгінгі ұрпақ біздің басты парызымыз. Қарияларымыздың үлгісі мен өнегесі тәлім мен тәрбиенің бастауы деп білеміз. Біз елімізде алғаш рет Қариялар форумын өткіздік. Жұма намазына келетін жасы үлкен қарттарға әр кез жаңдай жасап тұрамыз» деп ҚМДБ Өскемен аймағы өкіл имамы Ермек қажы Тасболатұлы атап өтті.
Қарияларды құрметтеу шарасы өкілдікке қатысты аудандарда жалғасын тауып, кең көлемде жүзеге асуда.
Шығыс Қазақстан облыстық
«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
![]()
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
12.10.2016
3927
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру