Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Елордалық жамағат қасиетті Ашура күнін ұлықтады

12.10.2016 3713 0 пікір

ҚМДБ бастамасымен еліміздің барлық мешіттерінде иісі мұсылман қауымға ортақ қасиетті күндер мен ұлық мейрамдар жоғарғы деңгейде аталып өтілуде.

11 қазан қасиетті Ашуара күні. Осындай ұлық болған күнде ауыз бекіткен жамағатқа  Астана қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің Бас имамы Жұманазар қари Өсерханұлының ұйымдарсыруымен 150-ден астам адамға ауызашар дастарқаны жайылды.

Аталған шара мешіт ақсақалдарың ақ батасымен басталды. Сондай-ақ, «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің Бас имамы жиналған жамағатқа әл-харам айындағы қаситетті Ашура күні жайында ғибыратты уағыз-насихат айта келіп, өз сөзінде:«Ашура» – «ашара», яғни, «он» деген сөзден шыққан.  Мұса Пайғамбар (ғ.с.) бұл күні Алла Тағалаға шүкірлік, алғыс ретінде ораза ұстайтын болған екен. Ашура күні Мұхаммед Пайғамбар да () ораза ұстаған және сахабаларына да оны өсиет еткендгі дінімізде ескертілген», - деп Ашура күні жайында қысқаша мағұлмат берді.

Сонымен қатар, мешітіміздің найб имамы Рашит Алпыспаев Алланың ардақты елшілері және Мұса (а.с) пайғамбардың қилы қиссалары қақында келелі кеңестер айтты. Ауызашар соңында ұстаз Мұхаммед Фатих құран оқып, халықмызға мол жақсылықтар тіледі.

 «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру