Алматы қаласы Алмалы аудандық «Төле би» мешітінің «Діни сауат ашу курсында» жүздеген шәкірттер дәріс алады. Оның ішінде қыз-келіншектер мен қарттар да бар. Мешітте дәріс алып жүрген 40-қа жуық қыз-келіншектер мен әжелер алған ілімдері бойынша емтихан тапсырып, оларға мешіттің Бас имамы Кенжәлі Қоңыратбайұлы өз қолымен сертификаттарын табыстады.
Алған білімдерінің жемісін көріп, сертификат алған әжелердің көңіл-күйі мерекелік қуанышқа ұласты. Мешіт ашылғалы, мешіттің қабырғасында Құран оқып, хатымға қатысып жүрген 30-ға жуық апа-әжелерімізді Қарттар күнімен құттықтап, мешіттің Бас имамы жылы лебіздерін айтып, арнайы дайындаған сыйлық дорбаларын табыстады. Қос қуанышқа бір күнде кенелген әжелер өз кезегінде мешіт ұжымына алғыстарын айтып, ақ батасын берді.
Асыл дініміз Ислам діні қарттарды сыйлап, құрметтеуге ерекше көңіл бөлуді бұйырады. Ардақты пайғамбарымыз (Оған Алланың сәлемі болсын) «Қандай да бір адам өзінен жасы үлкен кісіге құрмет көрсетсе, Алла оған өзі қартайғанда құрмет көрсететін адамды жолықтырады», - деген. Қарттарымыз аман болсын ағайын!
Төле би мешітінің баспасөз қызметі
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
10.10.2016
5674
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру