Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе облысында мешіттерге жаңа имамдар тағайындалды

10.10.2016 3922 0 пікір

Діни басқарма басшылығы Ақтөбе облысындағы мешіттердің қызметін жетілдіру мақсатында қала, аудан орталықтарына жоғары діни білімді кадрларды қызметке тартуда.

Осының бір айғағы – қасиетті жұма күні Мұғалжар мен Темір аудандарына «Нұр Мүбарак» университетінің түлектері, жоғары діни білімді бас имамдар тағайындалды. ҚМДБ-ның жалпы және жастар ісі бөлімінің меңгерушісі А.Ұтысхан Қандағаш қаласында орналасқан Мұғалжар аудандық «Нұртай» мешітінде жұма уағызын жүргізді. Уағыз соңында Бас мүфтидің бұйрығымен ауданға жаңадан тағайындалған бас имам Жүсіпов Ерболатты жамағатқа таныстырды. Ал, бұған дейін бас имам қызметін атқарған Нұрсұлтан Тұрсынқұлов аталмыш мешіттің найб имамы қызметіне қалдырылғандығын жеткізді.

Сондай-ақ, Темір аудандық «Досжан ишан» мешітінің бас имамы Әлібек Төлеубай өз өтініші бойынша бас имамдық қызметтен босатылып, оның орнына Мадияр Пірімқұлов тағайындалды. Бұл тағайындауды аудандық мешітте жұма уағызын жүргізген ҚМДБ-ның Маңғыстау облысы бойынша өкіл имамы, жұмыс тобының мүшесі Смаиыл Сейтбеков жүргізді. Сонымен қатар «Досжан ишан» мешітіне Зинадин Қуандық есімді азамат найб имам қызметіне бекітілгендігін хабарлады.

Жаңа қызметке кіріскен әріптестерімізге сәттілік дей отырып, Алла Тағала асыл дініміздің өркендеуі мен еліміздің тұрақтылығы жолында аянбай еңбек етулерін нәсіп етсін деп тілейміз!


 

Жаңадан тағайындалған имамдардың өмірбаяны

 

Жүсіпов Ерболат Нұрылдаұлы – 1977 жылы 08 желтоқсанда дүниеге келген. 1997-2001 ж.ж. Қызылорда қаласындағы «Қорқыт ата» атындағы мемлекеттік университеттің «Елтану» факультеті бойынша, экономист, референт және араб тілінің аудармашысы мамандығын бітірген.

2001-2003 ж.ж. Сирия Араб Республикасы, Дамаск қаласындағы шетелдіктерге арналған араб тілі институтының толық курсын тәмамдаған.

2012-2014 ж.ж. «Нұр Мүбарак» Египет Ислам Мәдениеті университетінің «Дінтану» магистрі,

Сондай-ақ, 2014-2016 ж.ж. «Нұр Мүбәрак» Египет Ислам Мәдениеті университетінің «Исламтану» мамандығының магистрі. Яғни, қос бірдей мамандықтың магистрі.

Малайзияның Куалатирингану қаласындағы «Зәйнилабидин» университетінде және  Мысыр елінің Кайр қаласындағы «Әл-Азһар» университеті іс-тәжирбиеден өткен.

2005-2012 ж.ж. Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласындағы орталық мешітте ұстаздық қызмет атқарған.

2014 жылдан бүгінгі күнге дейін Алматы қаласы, Алатау ауданы, «Заря Востока» мешітінің найб имамы қызметін абыроймен атқарып келген.

Сонымен қатар діни саласындағы атқарған еңбегін ескеріп, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің және Алматы қаласы бас имамы Нұрбек қажы Есмағанбеттің алғыс хаттарына ие болды.

 

Пірімқұлов Мадияр Тағайбайұлы – 13.07.1985 жылы туылған. 2011-2015 жылдары аралығында «Нұр Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетінің «Исламтану» мамандығы бойынша білім алған. Яғни, Исламтанушы. 

2015-2016 жылдары Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, Ақжар ықшам ауданындағы «Нұр» мешітінің найб имамдық қызметін атқарған.

Сонымен қатар діни саласындағы атқарған еңбегін ескеріп, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің және Алматы қаласы бас имамы Нұрбек қажы Есмағанбеттің алғыс хаттарына ие болды.

 

Зинадин Қуандық Мұстафинұлы – 2008-2010 жылдары аралығында Алматы облысы, Іле ауданы, Байсерке ауылындағы «Хайыр-Ихсан» мешітінде тәлім алып, сол мешітте шәкірттерге дәріс берген.

2010-2011 жылдар аралығында «Нұр Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетінің дайындық курсында араб тілін жетілдірген.

2011-2016 жылдары «Нұр Мүбәрак» Египет Ислам мәдениеті университетінің «Исламтану» мамандығын қызыл дипломға яғни, үздік бітірген.

2015 жылдан бері Алматы облысы, Іле ауданы, Байсерке ауылындағы «Хайыр-Ихсан» мешітінде қызмет еткен.

 

«Нұр Ғасыр» облыстық орталық

мешітінің баспасөз қызметі 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру