Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе қаласында үлгілі мешіт анықталды

10.10.2016 3256 0 пікір

«Ауқымды түсіндірме жұмыстары» тобымен келген діни басқарма қызметкерлері Ақтөбе қаласында үлгілі мешіт байқауын ұйымдастырды. Байқауда мына шарттарға мән берілді. Олар: мешіттердің көрікті болуы (күмбезі, қоршауы, мұнарасы, мінбері, күрделі жұмыс жөндеуден өткен болуы), мешіт ішкі және сыртқы ауласының тазалығы, ауласының көгалдануы (жеміс ағаштары, тал, терек, шырша және т.б түрлі гүл көшеттерінің егілуі), құжаттарының толық болуы, арнайы дәретханасының болуы, дәрісханалар мен қызметтің бөлмелердің болуы, үгіт-насихат пен дәрістердің тұрақты жүргізілуі мен қоғамдық іс-шараларға белсене араласуы және жамағат бірлігін арттыру мақсатында іс-шаралардың атқарылуы.

Осы аталған талаптарға сай болғандықтан Ақтөбе қаласындағы биылға ғана пайдалануға берілген «Қабақ баба» мешіті «Үлгілі мешіт» деп танылды. Бұл жөнінде ҚМДБ-ның аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев мешіт жамағатының алдында қуанышты хабармен бөлісіп, «Қабақ баба» мешітін «Үлгілі мешіт» деп жариялады.

Мұндағы мақсат – мешіт қызметінің сапасын арттыру болып табылады. Сонымен қатар аталмыш байқау алдағы уақытта аудандар арасында өткізіледі деп күтілуде.

 

«Нұр Ғасыр» облыстық орталық

мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру