Наиб мүфти Ақтөбе облысы Алға ауданына жасаған сапарында аудан әкімі және мектеп оқушыларымен кездесу өткізді.
Мәдениет үйінде екі отырысқа созылған жиынға Б.Есмахан, «РSА» ЖШС жобаларын басқару жөніндегі басқарушы директоры Бауыржан Кеңесұлы, Білім департаментінің өкілдері және т.б. тұлғалар қатысты. Серікбай қажы Ораз тұғырнама, дұрыс сенім және сонау VIII ғасырда ислам дінін қабылдаған бабаларымыз турасында әңгіме өрбітіп, оқушылардың бойында отансүйгіштік қасиеттің болуына алдымен білім алу алғышарт екенін айтты.
Оқушылар сахна төрінде өздерінің туған өлкелеріне арнап ыстық ықыластарынан туындаған «Жер сатылмайды» атты өлең шумақтарын оқып берді.
«Нұр Ғасыр» облыстық орталық
мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
07.10.2016
3637
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру