Ағымдағы жылдың 6 қазан күні Атырау облысы Дін істері басқармасының қолдауымен «Шапағат» Деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» Қоғамдық қоры Атырау медициналық колледжінде студенттер мен ата-аналарға «Діни сауатсыздық экстремизм бастауы» атты дөңгелек үстел өткізді.
Аталған шараның мақсаты мен маңызына тоқталған колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Талғат Айдынғалиев дін мамандарын таныстырды. Сонымен қатар, қатысушыларға осы мүмкіндікті пайдалана отырып, көкейде жүрген сауалдарына теологтар арқылы жауап алуға болатындығын жеткізді.
Алғашқы болып бастаған Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Түрікбенбай Нұржігітов тыныштығы кеткен бірқатар шет мемлекеттерді мысалға келтіре отырып, айрандай ұйып отырған біздің елімізге көз тігіп, берекетін қашырғысы келетіндердің бар екендігін жеткізді. Ал, өз кезегінде «Шапағат» орталығының директоры, теолог Қанат Жұмағұл мен теолог Еламан Бегалиев қазіргі таңда жастардың теріс діни ағымдардың қатарына өтіп кетуінің бірнеше факторлары бар. Соның ішінде басты фактор ол діни білімсіздік болып келеді, дейді. Сонымен қоса, дәстүрлі емес теріс діни ағымдардың айырмашылығы, теріс діни ағымдардың көрінісі мен олардың таралуы жайлы ой-пікірлерін ортаға салды.
Аталған шараға қатысушылардың тарапынан қойылған түрлі сауалдарға дін мамандары толыққанды жауап беріп, қандай да бір діни мәлімет алғыларың келсе, Қазақстанның ресми сайттарынан немесе мешіт имамдарынан алған жөн деді. Сондай-ақ, Атырау облысы Дін істері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысымен дайындалған бірнеше ақпараттық діни материалдар таратылып, ата-аналар тарапынан ризашылықтарын білдірді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
07.10.2016
4251
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру