Жуырда Павлодар облысы, орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің наиб имамы, «Әбу Бәкір Сыддық» медресесінің ұстазы Аманқұлов Хасан Ташайұлының «Ғибадат» атты оқулығы ҚМДБ «Діни білім және ғылым» бөлімінің тапсырысы бойынша мешіт жанындағы бастапқы діни сауат ашу курсының тыңдаушылары мен медресеалды дайындық курстарының шәкірттеріне арналып басылып шықты.
Осы аптаның сәрсембі күні «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінде аталмыш кітаптың таныстырылымы ұйымдастырылды. Шараға мешіт жамағаттары, «Әбу Бәкір Сыддық» медресесінің ұстаздары, мешіт ұжымы, қажылар өкілдері қатысты.
«Ғибадат» кітабының редакторлары Ульян Мақұл, Оралханов Айбектер кітаптың мазмұны, құрылымы, маңызы туралы қысқаша таныстырығаннан кейін мешіт кітапханасының оқырмандары кезектесіп сөз алып, «Ғибадат» кітабы туралы өз ойларын ортаға салды.
«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің наиб имамы Нұрлан Евфратұлы кітаптың мешіт жанындағы бастапқы діни сауат ашу курсының тыңдаушылары мен медресеалды дайындық курстарының шәкірттеріне арналғанын, аталмыш еңбек исламның бес парызы: иман, намаз, ораза, зекет, қажылық мәселелерін қамтығанын, кітаптың сөздері қысқа һәм нақты, шариғат мәселелерінде дәстүрлі мектебімізге және діни басқарманың пәтуаларына сүйенгенін, дұға мәтіндерін құрастыруда елімізде кең таралған көне діни кітаптардан пайдаланғанын, сондай-ақ қажетті аяттар, зікірлер және дұғалардың мәтіндері мен мағыналары толық берілгендігі туралы айта келіп, ҚМДБ-ның өкіл имамы Исенов Нариманның Хасан Ташайұлына жолдаған Алғыс хатын табыс етті.
Шара барысында кітап авторының өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша бейнеролик те жасалып таныстырылып, арнайы кітаптар көрмесі ұйымдастырылды. Шара оқырмандарға ой салар сауалдар, мәйекті де дәлелді пікірлер өрбіткен жарыссөздер арқылы қызықты да тартымды болып өтті.
Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
07.10.2016
4165
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру