Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Түркиядағы Халықаралық қауымдастық өкілдері Нұр-Мүбарак универистетінде

07.10.2016 3771 0 пікір

Нұр-Мүбарак университетіне Түркиядан құрметті қонақтар арнайы ат басын тіреді.

«Хайрат» Халықаралық шәкірттер қауымдастығының басшысы Чингиз Гунайдын, «Түркие жастық қоғамының» Бас директоры Исмаил Аманат және Түркиядағы Халықаралық жатақханалар ұйымының өкілдері келіп университеттің жағдайымен танысты. Ондағы мақсат түркітілдес елдердегі жоғары оқу орындарының жатақханаларын бағдарлап, тәжірибе алмасу. Түркияда жастар мәселесі, жоғары оқу орындарындағы жатақхана жағдайлары бір жүйеге қойылған деуге де болады. Оның дәлелі Жатақхана басқару курстарының жұмыс істеуі. Мәртебелі меймандар Нұр-Мүбарак университетінің әкімшілік өкілдерін, жатақхана қызметкерлерін сол курстарға арнайы шақыра да келіпті. Сондай-ақ өзге де Қоғамдық ұйымдармен байланыс жасауға мүдделі екендігін жеткізді.

Түркиялық делегацияның еліміздегі сапарын жүйелеуші «Құл Қожа Ахмет Яссауи білім және парасат» қоғамдық қорының атқарушы директоры Нұржан Жанқараевтың айтуынша бауырлас қонақтар осындай игі сапарлары барысында жалпы білім беру жүйесі, өзара тәжірибе, пікір алмасу арқылы байланысты нығайтып, түркітілдес елдер арасында білімді де білікті жастардың көбеюіне себепкер болу.

Айша КЕҢЕСБАЙ

«Нұр-Мүбарак» университетінің баспасөз қызметі

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру