
Ақтөбе өңірінде Бас прокуратура бастамасымен облыстың экономикалық-әлеуметтік, мәдени ахуалды жүйелеп, жолға қою мақсатында мемлекеттік бағдарламарды халыққа жеткізу үшін «Ауқымды түсіндіру тобы» келіп, әртүрлі маңыздағы кездесулер өткізілуде.
Аталмыш топ құрамында келген Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлының кезекті кездесуі қаладағы №3 Балалар музыкалық мектебінде өтті.
Наиб мүфти жас өрендерге білім алудың маңыздылығы, үлкенге құрмет көрсету, ұстаз ұлағатын ықтияттылықпен ұғынып, өмірлік мақсаттарын дұрыс бағдарлау жайында тағылымды тәлім айтты. Сонымен қатар, дәстүрлі халық танымына жат діни ағымдардан сақтану керектігіне де тоқталды.
«Сіздердің міндеттеріңіз – білім игеріп, ел игілігіне, ата-аналарыңыза, қоршаған ортаңызға, қала берді өздеріңіз үшін пайдалы іс жасау. Ол үшін сіздерге мектепте мұғалімдер, үйлеріңізде ата-аналарыңыз тарапынан жасалған қамқорлықты терең ұғынып, білім алып, ертеңгі болашақта толыққанды білімді маман болуға ұмтылу» деді наиб мүфти Н.Тағанұлы.
Кездесу соңында Наурызбай қажы Тағанұлы оқушылардың да ой-пікірлерін тыңдап, көкейкесті сауалдарына жауап берді.




«Нұр Астана» орталық
мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
06.10.2016
3508
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру