Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Әдістемелік кеңестің» кезекті жиыны өтті (фото)

06.10.2016 3321 0 пікір

Бүгін Астана қаласындағы мешіт имамдарына арналған «Әдістемелік кеңестің» кезекті жиыны өтті.

Елорда іргесіндегі «Әлжан ана» мешітінде ұйымдастырылған шараға қаладағы сегіз мешіттің бас имамдары мен өкілдері қатысты.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдігі, «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамының орынбасары Нұрлан Рамазан жиын күн тәртібіндегі мәселелер бойынша бірқатар маңызды міндеттер жайын тарқатып өтті.

Имамдар жиынында Діни басқарма бекіткен басты бағыттарға сәйкес, уағыз-насихат, діни сауат ашу, қайырымдылық шаралар және жат ағымдармен күресті жандандыру мәселелері талқыланды. Дәстүрлі дін құндылықтарын халыққа кеңінен насихаттап, жат ағымның таралуына жол бермеу бүгінгі күннің басты міндетіне айналған. Осы ретте мешіт жамағатының ауызбіршілігін сақтап, діни малғұматтарды мешіт арқылы алуға оңтайлы жағдай қалыптастырып, уағыз-насихатты ұтымды жүргізу туралы ұсыныс-пікірлер ортаға салынды.

Айта кетсек, Кеңес қызметі Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» Заңы, ҚМДБ-ның Жарғысы негізде және 2015 жылдың 19 ақпанында ҚМДБ имамдарының «Ислам – бейбітшілік пен келісім діні» атты І форумында қабылданған «Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы», «ҚМДБ қызметкерінің этикасы», «Имамның тұлғалық келбеті», «Мұсылманның тұлғалық бейнесі», «ҚМДБ-ның 2020 жылға дейінгі даму Тұжырымдамасы» атты құжаттары  аясында іске асырылады. 

Жиын соңында аталған бағыттар бойынша нақты жоспар құрылып, міндеттер жүктелді.

 


«Нұр Астана» орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру