Жуырда Ақтөбе облысындағы имамдардың білімі мен біліктілігі сынға түскен сынақ өтті. Аттестациялау барысында имамдардың діни білімі, заңнамалық білімі және діни басқарма қабылдаған 4 құжат негізінде білімі тексерілген болатын.
Осылардың ішінде үздік деп танылған 30 имамға арнайы семинар-тренинг ұйымдастырылды. Аталмыш семинарда ҚМДБ найб мүфтилері Наурызбай қажы Тағанұлы мен Серікбай қажы Ораз баяндама жасады. Семинарда ҚМДБ аппаратының жетекшісі Ғалымбек Мәжиевте сөз алды. Діни басқарманың қос найб мүфтиі ақтөбелік имамдарға дін және қоғам, зайырлылық принциптер, діни қызметкердің қоғамдағы беделі, жамағатпен қарым-қатынасы, үгіт-насихат жасаудағы белсенділігі т.б. өзекті тақырыптарды кеңінен тарқатты. Имамдар өз кезегінде көкейтесті сауалдарына жауап алды.
Сонымен қатар имамдардың біліктілігін арттыруға арналған семинарда Алтынбек Ұтысхан, Мұхан Исахан, Дәлелхан Оспанов, Батыржан Мансұров сынды теолог мамандар да дәріс оқыды. Имамдарға жамағат арасында кездесетін сұрақтар төңірегінде пайдалы кеңестер берілді.
Естеріңізге сала кетейік, Ақтөбе облысында «Ауқымды түсіндіру жұмыстары» тобымен ҚМДБ қызметкерлері де келіп, жамағатқа ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
«Нұр Ғасыр» облыстық орталық
мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
06.10.2016
3749
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру