ҚМДБ наиб мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы Ақтөбе облысы Бестамақ ауылындағы медреседе болды. Ақтөбе облысының діни ахуалымен танысқан наиб мүфти болашақ дін қызметкерлері білім алып жатқан ордаға ат басын бұрды.
Н.Тағанұлын күтіп алған медресе директоры Әбдімүтәліп Дәуренбеков медресенің ғимараты, шәкірттердің жатын орны мен асханасы және дәрісханалармен таныстырды. Іс-сапармен келген қонақты медресе шәкірттері конференция залында күтіп алды.
Наиб мүфти шәкірттерге өзінің өмірлік тәжірибесінен ақылын айтып, болашақтағы діннің қамын ойлайтын сол шәкірттер екенін аса назарға алды. Одан бөлек қазіргі таңдағы ғылыми-технологиялық заманда шәкірттер өз үлестерінен құр қалмай, «жан-жақтылық» қағидасын ұстануларын қаперлеріне салды. Жиын аяғында шәкірттер наиб мүфтидің батасын алып, жолға шығарып салды.
«Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
![]()
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
06.10.2016
3561
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру