Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Наиб мүфти имамдарға семинар өткізді

06.10.2016 3284 0 пікір

Ақтөбе қаласында әр мекемеге арнайы кіріп, әртүрлі тақырыпта сөз қозғап, семинар жүргізіп жүрген наиб мүфти 5 қазан күні «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінде болды.

Аттестациядан үздік өткен имамдар семинарға қатысты. «Жігітке жеті өнер де аз» дегендей, наиб мүфти Серікбай Ораз имамдардың тек діни біліммен шектеліп қалмай, жан-жақты болуларын естеріне салды. Сонымен қатар қоғамымыздағы кез-келген ғылым саласының маманымен тіл табыса білуі керектігін де баса айтты.  

Ғылыми жиынға ҚМДБ-ның аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев және ҚМДБ-ның Ақтөбе өңірі бойынша өкіл имамы Төлеби Оспан да қатысып, имамдардың Ақтөбе облысында өткізіліп жатқан семинарлардан барынша пайда алып қалуларын жадыларына салды.

 

«Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру