Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Зағип жандар білімдерін шыңдады (фото)

05.10.2016 3955 0 пікір

Жаратқанның қалауымен кешегi күнi Қарағанды және Түркiстаннан Семей қаласына бір айлық Брайль(көзi нашар көретiн жандарға нүктелердi саусақтың ұшымен сезу арқылы оқылатын) курсына қатысу үшiн келген шәкiрттер білім алып қайтты.

Сабақ Семей қалалық «Төлеубекқажы» мешiтiнде ұйымдастырылды. Дәрістер Брайль Кұран тәсiлімен жүрді. Алланың қасиеттi кәләмін басынан үйренуді мақсат тұтып, көз жанары туа зағип тоғыз жастағы Дияс есімді бауырымыз Құран жаттаудың баға жетпес сауап екенiн біліп Ақтаудан Семейге келген. Дияс үйiнiң жалғыз баласы екен,  анасы басқа қалаға арнайы мектепке беруге қимаса да Жаратқанның қасиеттi сөзiн үйрету үшiн тәуекелге бел буған.


Шәкiрттерiмiз сабақтан тыс уақытында Абай, Шәкәрiм, Еңiлiк-Кебек пен Күшiкбай аталарымыздың басына құран оқып, даналар мекендеген жердi зиярат етті. Семей қаласының мешiттерiн аралап, көзi нашар көретiн жандарға арналған кiтапханамен танысты. Ертіс өзенінің бойында және Канадада ғана бар Қарағайлы орманының тыныс-тiршiлiгiмен танысты. Шежірелі Семей тарихи қала болып табылады. Мешiттер саны он екі, оның төртеуі тарихи мұра, яғни салынғанына 200 жылдан астам уақыт болған.


Қонақтарымыз Абай, Шоқан, Шәкәрiм сынды қазақтың маңдайына бiткен даналардың маңдайы тиген мешiттерде екi бас намаз оқып ерекше әсер алды. Қасиетті Ұлық болған жұма күні Семей аймағы бойынша өкіл-имамы М. Алтыбай жұма намазына жиналған жамағат алдында білімдерін шыңдаған шәкірттерге сертификат табыстады.


Зағип жандарға арнайы құран, әліппе және басқада діни кітаптарды сыйға тартты. Өкіл имам өз сөзінде: «Бабаларымыз «Көзі соқырдан көкірегі соқыр жаман» деп бекер айтпаған, көздері көре тұра Құранды оқымағандар үшін бұл үлкен ғибрат алатын іс» - деді. Шәкірттер осындай игілікті іске мұрындық болған азаматтарға алғыстарын білдіріп, өздерінің ұмыт қалмағандарына ерекше қуанып, көңілдегі ақ тілектерін ақтарып жатты.

 

Семей  Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру