Көптен күткен қоныс той. 15 жылдан бері жалдамалы пәтерде күн кешкен Байсыновтар жанұясы баспаналы болды. 5 бөлмелі үйді бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен дін қызметкерлері салып берді.
Бұл баспананы Байсыновтар ұзақ жыл күтті. Үйлі болу үшін көпбалалы ана Гүлнұр Нұрсадықованың көмек сұрап бармаған жері қалмады. 8 бала тәрбиелеп отырған отбасының жағдайын көрген имамдар енжар қарай алмады.
«Ең алғаш келіп балалар да жылады. Екі көздеріне жас алып, балалар қатты жылады. Сөйтсе Рамазан айтады ғой. Бұл енді біздің жалдамалы пәтеріміз емес, үйіміз ба дейді. Осылар қатты қуанды», - деді Гүлнұр НҰРСАДЫҚОВА.
Жаңа үй Алматы облысы Нұра ауылында бой көтерді. 5 бөлмелі баспана 3 айға жуық уақытта тұрғызылған. Қоныс тойын тойлап жатқан отбасыға бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы арнайы барып жағдайларымен танысып, үйге тұтынуға қажетті техниканы сыйға тартты.
«Алматы қаласындағы зекет қоры мешіттің имамдары бірігіп, осы кісіге қолымыздан келгенше үй салып берсек, осы зекет қорына біраз қаржы жиналды. Соны осы жолға жіберсек қайтеді деп келгеннен кейін, рұқсат берген едік. Жаз бойы салып, осы жанұяның игілігіне беріп отырмыз», - деді ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Ержан ҚАЖЫ МАЛҒАЖЫҰЛЫ.
8 баланың алды 18-де, кішісі 4 жасқа толған. Отағасы Марат Байсынов 2-топтағы мүгедек. Оның ауыл шаруашылығымен шұғылдануға ниеті барын білген дін қызметкерлері бұзаулы сиыр сатып әперген.
«Басында ел сияқты жұмыс істеп, ақша табамын, үй саламын деген арманмен келіп едім. Бірақ бәрі менің ойлағанымдай болмады. Басқа қиындықтар туындады. Құрылыста жүргенде құлаған кездерім болды», - деді Марат БАЙСЫНОВ.
Бас мүфти ардагерлер үйіне де барып, қариялардың жағдайын көріп қайтты. Қарттарға тұрмыстық техникаларды сыйға тартты.
«Бұрын қарттар күні болмаған, қазір қарттар күні бар. Дүниежүзі тойлайды. Соның ішінде бізде бір түйір сияқтымыз. Мың да бір рахмет. Қарттарға қамқорлық жасап жатқан еліміз жұртымыз аман болсын», - деді Жайсаңбай ҚАҢТАРБАЕВ.
Перизат Көмекбайқызы, Рашид Шүкірәлиев, «Алматы» телеарнасы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
05.10.2016
3960
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру