Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Наиб мүфти әскерилермен кездесті

05.10.2016 3385 0 пікір

Наиб мүфти және Астанадан келген мамандар облыстық қорғаныс істері департаментінің жеке құрамымен кездесті. Діни порталдың редакторы, қоғамдық қор өкілі алдымен салафизмнің не екенін ұғындыратын шағын бейнероликті көрсеткеннен кейін, наиб мүфти әскери қызметкерлердің сұрақтарына жауап берді.

Діни ахуалдың өзекті екенін, қырағылықты күшейту заман талабына айналғанын айтқан дін маманы алдымен салафизм жайлы айтып берді. Арнайы дайындалған бейнероликте салт-дәстүрден жирену, ата-анадан бас тартудан басталатын жат жолдың негізгі белгілері айтылды. Әскери қызметкерлердің білімі мен біліктілігін арттыру арқылы жат ағымның жетегінде жүрген жастарды дер кезінде анықтауға болады.


Денсаулығы мықты, білімі жоғары болғанымен, олар әскери қатарына алынбайды. Ақтөбеде ертең күзгі әскерге  шақыру науқаны  басталады. Биыл 1900-ден астам азамат әскерге шақырылады. Олар Алматы, Қарағанды, Тараз қалаларына жөнелтіледі. Ал, жыл бойы 40 мыңнан астам жас тексеруден өтіп, оның 2 пайызы көз ауруына шалдыққаны анықталды. Сонымен қатар, отбасының жалғыз асыраушысы, ауылда мұғалім болып жұмыс істейтін жастар әскерге алынбайды. 

 

«Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру