Ақтөбе облысының діни қызметкерлерін сараптау аттестациясы мәреге жетті. Соған орай, сынақтан үздік өткен имамдарға «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің дәріс залында елімізге танымал заңгер-шариғаттанушы Мұқан Исахан семинар өткізді.
Семинар барысында «дін және мемлекет» терминдері кең ауқымда түсіндіріліп, мемлекетті басқарудың бірнеше түрлері болатыны жайында сөз қозғалды. Қазіргі таңдағы теріс ағымдағылардың мемлекет саясатын дұрыс түсінбеуі және мемлекет пен дінді ұштастыра алмаулары олардың білімсіздігінен екені айтылды. Семинар соңында шариғаттанушы ғалым мен дін қызметкерлері арасында сұрақ-жауап болды.
«Нұр Ғасыр» облыстық орталық
мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
05.10.2016
3623
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру