
1 қазан Қарттар күні мерекесіне орай Алматы облысы, Қарасай ауданы, Құмтоған ауылындағы «Қарттар үйінде» «Кәрінің бары – игілік» атты қайырымдылық іс-шарасы өткізілді. Игі шара аясында Алматы облысы, Алматы аймағы «Зекет» қоры өкілдері Қарттар үйіндегі қарияларға мерекелік дастарқан жайып, арнайы дайындаған сыйлықтарын ұсынып, қам көңіл қарттардың көңіл-күйлерін көтерді.
Алматы өңірінің өкіл имамы Қуаныш Бақытбекұлы қарттарға өзінің жүрек жарды лебізін білдіріп, уағыз-насихатын айтып, көңілдеріне медет сыйлады. Бұл игі шараның жалпы мақсаты адамдардың қарт кісілерге көңіл бөлуге, құрмет білдіруге, арнайы келіп, жабыққан көңілдеріне демеу болуға шақырып, осы арқылы қарттарға да қамқорлық пен мейірімділікті сезінту еді. Елімізде қарттар мен жетімдер үйлерінің болмауын бір Алла Тағаладан тілеп, бата жасалынды.
Алматы облыстық орталық «Қарасай батыр»
мешітінің баспасөз қызметі
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
05.10.2016
4092
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру