Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіне жауапты хатшы тағайындалды

05.10.2016 3886 0 пікір

Мемлекет басшысының Өкімімен Марат Алмасұлы Әзілханов Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

Әзілханов Марат Алмасұлы 1965 жылы туған. Қарағанды мемлекеттік медицина университетін (1988 ж.), Қазақстан Республикасы Ұлттық академиясын (2000 ж.) бітірген.

Еңбек жолын 1988 жылы бастаған. 1988-1992 жж. – Қызылорда қалалық ауруханасында дәрігер, № 5 емханада дәрігер-хирург қызметінде болды. 2011-2013 жж – ҚР Дін істері агенттігінің төраға орынбасары. 2013-2014 жж – Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі төрағасы. 2014 жылдың 13 тамызынан бастап Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі қызметін атқарды. 

ҚазАқпарат

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру