Қарттар күніне және қасиетті жұма күніне орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысы бойынша өкілдігі тарапынан Бахытбек Нұрғабылұлы Тәжімбет бастаған дін қызметкерлері Рудный қаласындағы Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі №1 интернат үйінде болды.
Интернат директоры Татьяна Щербакова жылы жүзбен қарсы алып, ардагерлер мерекесіне арналған мәдени іс-шараны бастады.
Шара барысында интернат үйіндегі ақсақалдар мен аналарымыз жастарының ұлғайғанына қарамастан өз өнерлерін көрсетті. Соның ішінде Валентин Ефанов аталған мерекеге байланысты шығарған өлеңін үлкен ықыласпен оқып берді.
Жүздесу барысында қостанайлық мешіт қызметкерлері қарияларға сыйлықтарын берді. Интернат үйіндегі 310 адамға біреше қорап тәттілер мен заманауи үлгідегі түрлі-түсті теледидарды сыйлады.
Дін қызметкерлерінің қайырымдылық ниетіне қарттар мен кейуаналар, ұжым басшысы шынайы алғыстарын білдірді.
Сонымен қатар осы мереке алдында Ұзынкөл ауданының бас имамының ұйымдастыруымен бір топ қария Қостанай облыстық Аймағамбет қажы Спанұлы мешітіне саяхат жасады.
Мұнда имам Бахытбек Нұрғабылұлы ауданнан келген қадірменді қарттарды мешітпен жан-жақты таныстырды. Өкіл имамның ыстық ықыласы мен адами қадір-қасиетіне дән риза болған ақсақалдар шын жүректен шыққан алғыстарын білдіріп, ақ батасын берді.
ҚМДБ Қостанай облысы
өкілдігінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
04.10.2016
3996
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру