Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылорда да имам студенттермен кездесті

04.10.2016 3464 0 пікір

ҚМДБ Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Омаров Талғат Сейіткәрімұлының бастамасымен осы тақырыпта қаладағы барлық жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студент жастарымен кездесулер өтуде.

Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде жас жеткіншектердің осындай ауыр әрекеттерге барып жатқаны айтылып та, жазылып та жатыр.

Ал, өз өмірін өлімге қиюдың шариғаттағы үкімі өте ауыр. Ислам дінінде жазықсыз адамды өлтіру немесе өзін-өзі өлімге қию – Алланың ашуы мен аса ауыр азабына себеп болатын ауыр күнә. 

Алла тағала «өздеріңді өлтірмеңдер» деу арқылы мұсылман қауымына қатаң ескерту жасаған.

Осы бағытта мешіт имамдары жастарға уағыз-насихат жүргізіп, олардың көкейлеріндегі сауалдарына жауап берді.

 

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру