Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы орталық мешітінің командасы күзгі лиганы сәтті аяқтады (ФОТО)

04.10.2016 4035 0 пікір

Естеріңізде болса күз басында «PFL Almaty» (белді футбол лигасы) қоғамдастығының ұйымдастыруымен Алматы қаласында футболдан «Күзгі лига» ашылған еді.

Танымал брендтер мен ұйымдардың командалары ойнайтын аталмыш лигаға Алматы орталық мешітінің «Жастар ісі бөлімі» атынан «Бірлік» командасы қатысты. Үстіміздегі жылдың 1 қазанында лига мәресіне жетіп, жеңімпаздар анықталды. «Бірлік» командасы жүлдеге ілікпегенімен нәтижелі әрі көрнекті ойын көрсете білді.

Лиганың жабылу салтанатында жеңімпаздарға ақшалай және бағалы сыйлықтар табысталды. Сонымен қоса үздік қақпашы, үздік шабуылдаушы, әдепті ойыншы т.б. әр түрлі номинациялар бойынша ойыншылар марапатталды.


Жабылу салтанатына ҚМДБ уағыз насихат бөлімінің басшысы Ершат Оңғаров пен Алматы орталық мешітінің бас имамы Нұрбек Есмағанбет мырза арнайы шақырылған болатын. Шарада арнайы сөз алған ҚМДБ уағыз насихат бөлімінің басшысы: «Алла елшісі (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өз хадисінде: «Әлсіз мұсылманға қарағанда күшті мұсылман Аллаға сүйікті» деген. Сондықтан да, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы жастардың имандылық пен қатар салауатты өмір салтын ұстануын қолдайды»,- деді.

Салтанатты шара барысында Ершат Оңғаров Хазіреті мүфтидің атынан ең әдепті ойын көрсеткен 12 ойыншыға сыйлықтар табыстады.

Ең үздік шабуылшыға берілетін «Алтын бутсы» сыйлығын Нұрбек Есмағанбет табыс етті.

 

Алматы орталық мешітінің бапасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру