ҚМДБ Әйелдер-қыздар секторының Алматы қаласындағы жетекшісі қаладағы әйел ұстаздармен алғашқы жиын өткізді.
Жиында аталған сектордың жылдық жоспары таныстырылып, мешіттердегі әйел қызметкерлерге тән кейбір өзекті мәселелер көтерілді. Сонымен қатар асыл дініміз бен халқымыздың жарқын болашағына қызмет ететін жастар тәрбиелеуге қатысты ойлар мен ұсыныстар ортаға тасталды.
Келелі кездесуге арнайы қатысқан қаланың Бас имамы Нұрбек Есмағанбет: «Өз қызметтеріңізге қатысты туындаған мәселелерді «Әйелдер-қыздар секторының Алматы қаласындағы жетекшісі Ахметова Маржанқыз арқылы жасырмай жеткізіп отырыңыздар, біз ол мәселелерді дер кезінде шешуге барынша тырысамыз»,- деді.
Жиын соңында қаланың 8 ауданынан «әйелдер-қыздар» секторына мүшелер сайланды.
Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
04.10.2016
4036
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру