Ақтөбе облыстық «Руханият» мұражайы залында «Ақтөбе қаласындағы экстремизм мен терроризмге қарсы іс-әрекет» жөнінде «Дін және дәстүр» тақырыбында мешіттегі әйел жамағаты өкілдерімен кездесу өтті.
Ақтөбе облысында аталмыш іс жөнінде жұмыс жүргізуді ҚР МСМ Дін істері комитеті Дін мәселелерін зерттеу және талдау орталығының директоры Айнұр Әбдірәсілқызы II топ мүшелерімен бірігіп сұхбат өткізді. Олардың қатарында мешіт ұстаздары Усенова Зейнеп, Тілегенова Ақбөпе, Бектаева Диляром, Қошқарова Кенжегүл бар.
Жиынға қатысушылар саны 60 адамды құрады. Тақырып аясы кеңінен қаралып, бірнеше мәселелер талқыланды.
«Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
03.10.2016
3868
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру