«Ауқымды түсіндіру жұмыстары» негізінде Жамбыл облысы «Һибатулла Тарази» мешітінің ұстазы Үсенова Зейнеп Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің әйел жамағатымен кездесу өткізді. Жамағатқа бүгінгі таңда қыз-келіншектердің сезімталдығын пайдаланған кейбір пысықайлар оларды өздерінің бұрыс насихаттарымен арбап, түрлі теріс ағымдардың құрбанына айналдырып жатқандығы сөз етілді.
Сондай-ақ, отбасы мен бала тәрбиесі, қыздардың келешек шаңырақ ұйытқысына айналуы үшін басты назарда ұстауға тиісті шариғи талаптар мен дәстүрлі әдептер турасында мазмұнды әңгіме өрбітті.
«Дінді сауатты түсіну арқылы дәстүр қасиетін ұғамыз. Ана шариғат ілімін үйрену арқылы ұрпақ тәрбиесінің имандылық нәрімен сусындануына тікелей ықпал етеді. Өйткені, ұрпақ тәрбиесі – әйел адамның негізі міндеті», - деген жамбылдық ұстаз жиналған қыз-келіншекмен ой бөлісті. Отбасылық жағдайларға байланысты қойылған сауалдарға тұщымды жауап берді.
«Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің баспсөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
03.10.2016
3558
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру