Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

РАНТ мүшелерімен кездесу аудандарда жалғасын тапты

03.10.2016 3488 0 пікір

Радикалды ағымдардың алдын алу, жат ағымдардан халықты қоғау мақсатында Жамбыл облысы Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен келген Республикалық ақпараттық-насихат тобы Жамбыл облысының аудандарына ат басын бұрды.

Жамағатпен, мекеме қызметшілерімен өткен кезектегі кездесуге Шу және Жамбыл аудандарында өтті. Кездесуге ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитеті Исламдық діни бірлестіктермен байланыстар басқармасының бас сарапшысы Нұрғали Қабылов, Қазақстан Рспубликасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитеті Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс басқармасының басшысы Мейрам Иманбаев, "Хазрет Сұлтан" мешітінің найб имамы Асқар Әбітайұлы, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы Исламды зерттеу бөлімінің қызметкері Берікбол Жанақов қатысты.

Жиында жамағат көкейлерінде жүрген сұрақтарға өз жауаптарын толығымен алып, алдағы уақыттада осындай кездесулердің жиі өткізулерін сұрады.

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру