ҚМДБ-ның сараптау комиссиясы Ақтөбе облысына қарасты қала, аудан және ауыл мешіттерінің имам, ұстаз, молдалар арасында сараптау аттестациясын бастады.
Аттестация жұмысының ашылу салтанатына наиб мүфти Серікбай қажы Ораз арнайы қатысты. Ол өз сөзінде, «Ақтөбе өңіріне жұмыс тобымен келген ҚМДБ қызметкерлері облысқа қарасты имамдардың діни білімін анықтау мақсатында сараптау аттестациясын өткізгелі отыр. Бұл шара жергілікті имамдардың діни білімін арттыруға және жетілдіруге септігін тигізеді», - деген С.Ораз имамдарға сәттілік тіледі.
Сараптау комиссиясының құрамында ҚМДБ-ның аппарат басшысы Ғ.Мәжиев, ҚМДБ-ның бөлім басшылары К.Тұрдыбаев пен Б.Бейсенбаев және ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкіл имамы Б.Мансұров бар.
Аттестация жұмысы ертең аудан имамдарына өткізілетін болады.
«Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
03.10.2016
3677
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру