Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Наиб мүфти ақтөбелік студенттермен кездесу өткізді (ФОТО)

03.10.2016 3596 0 пікір

Ақтөбе облысына арнайы іс-сапармен келген наиб мүфти Серікбай қажы Ораз бен ҚР Мәдинет және Спорт вице-министрі Марат Әзілханов Ақтөбе Қазақ-Орыс Халықаралық университетінің студеттерімен жүздесті.

Кездесу барысында жастарға дәстүрлі дінімізге жат теріс ағымдардан аулақ болып, дәстүрлі дұрыс бағытта ұстану үшін ұлттық құндылықтарымызға терең бойлау керектігі тілге тиек етілді.

Сондай-ақ, «Отанды сүю иманнан» екендігін жас буын әрдайым жадыларында ұстап, ел игілігі мен мемлекетіміздің мәртебесі үшін аянбай еңбек ету қажет екендігі туралы әңгіме етті.

Бүгінгі таңда әлеуметтік желілерден діни мәлімет алу барысында барынша сақтық танытып, діни сауал туындаған жағдайда ҚМДБ-ның арнайы сайттарынан ақпарат алуға шақырды.




«Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру