Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбеде наиб мүфти жұма уағызын жүргізді

30.09.2016 3420 0 пікір

Ақтөбе облысына іс-сапармен келген ҚМДБ төраға орынбасары, наиб мүфти Серікбай қажы Ораз жұма күні «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің мінберінде «Қарияға құрмет – мұсылмандық асыл міндет» тақырыбында жұма уағызын өткізді.

Наиб мүфти үлкенге ізет көрсеткен дана халқымыз: «Қариясы бардың - қазынасы бар», - деген қанатты сөз қалдырғанын айтып, бұл үлкенін ізеттейтін, кішісін құрметтейтін елге ғана тән құбылыс десек артық айтқандық емес деді. Бүгінде қазақтың әрбір үйінен отбасы мүшелеріне ақылын айтып, тәлімді тәрбиесін беріп, ұлағатты ұғымдарды сіңіріп, шүпірлеген немере-шөберелерінің ортасында марқайып отырған ата-әжелерімізді көрудің өзі – бір ғанибет.

Уағызды ұйып тыңдаған жамағат, уағызшының жасаған дұғаларын қоштап, қабыл болуын тілеп отырды. Алдыңғы қатарға жиналған ақсақалдарымыз намаз соңында баталарын берді.

 

«Нұр Ғасыр» облыстық орталық

мешітінің баспасөз қызметі 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру