Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Павлодарда «Барыңмен бөліс!» шарасы аясында киім-кешек үлестірілді (фото)

30.09.2016 3400 0 пікір

Құран Кәрімде Алла Тағала:  «(Ей, Мұхаммед!) ...Қайыр – садақа ретінде не берсеңдер де өздерің үшін (жақсы болады). Не берсеңдер де, тек Алланың разылығы үшін берулерің керек. Ізгілік жолында не жұмсасаңдар да, соның бәрі өздеріңе толық қайтарылады және сендер әділетсіздіккке ұшырамайсыңдар (яғни, сауаптарыңды толық аласыңдар)»,-дейді. Ал пайғамбарымыз Мұхаммедтің (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)«Жақсылық жасаңдар, қайырымды болыңдар!» – деген хадистері бар.

Осы аптаның бейсенбі күні облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің  «Барыңмен бөліс!» қайырымдылық қызметі мұқтаж жандарға  қайырымды адамдардан жиналған қыстық киім-кешектер үлестірді. Бұл шараға мұқтаж болған 70-ке жуық отбасы мүшелері келіп қажетті маусымдық киім-кешектер алды. Олардың мешіт ұжымына алғыстарын айтты. 

Осы жалған өмірде қандай да бір игілікті, қайырымды істеріміздің сыйы Алла Тағаланың жәннаты екенін жадымыздан шығармай, соған амал етуге жазсын. Алла Тағала мол сауапқа ұмтылуды баршамызға нәсіп етсін! Әмин! 

 

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру