Батыс аймақтарындағы діни маман тапшылығын сезініп отырған облыстың бірі Ақтөбе облысына Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығымен Алматы қаласынан екі білікті маманы аттанды.
Уақыт жүгін сезініп, шалғай жерге Алланың разылығын іздеп қызмет етуге аттанып бара жатқан Жүсіпов Ерболат пен Пірімқұлов Мадияр бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ғимаратында Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының алғыс хатымен марапатталды. Сонымен қатар жол қаражаты ретінде мешіттің есебінен әрқайсысына 100 000 теңге көмек және сыйға «Би ана» фабрикасының шапанынан тапсырыс берілді.
Алматы қаласының Бас имамы Есмағанбет Нұрбек Әуесханұлы: «Алматы қаласы үлкен мегаполис болғандықтан білікті мамандар өзімізге де ауадай қажет. Алайда соған қарамастан маман тапшылығы орын алып отырған алыс аймаққа қос бірдей маманымызды жіберіп отырмыз. Осы уақытқа дейін абыроймен қызмет етіп келген имамдарымызға жаңа қызметтерінде толағай табыстар тілейміз!» - деді.
Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
29.09.2016
3786
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру