Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылорда да қала молдаларына арналған семинар өтті

29.09.2016 3237 0 пікір

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде қала мешіттерінің молдаларына арналған семинар өткізілді.

Семинарға қатысқан 30-ға жуық молдаға діни сауаттылықтың маңыздылығы, Ислам дініндегі діни рәсімдерді өткізудегі талап пен әдеп, халықпен қарым-қатынас жүргізудің әдебі жөнінде айтылды.

Семинарды жүргізген ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт Сырдария» мешітінің бас имамы Талғат Сейіткәрімұлы осы мәселелерге тереңнен тоқталса, ұстаз М.Гаджиев Құран оқудағы сауаттылыққа ұқыптылықпен қарауды жеткізді.

Имам-молдалар әрдайым халық алдында қызметте жүргендіктен өткізілген семинардың олар үшін маңыздылығы зор болды.

 

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» 

 мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру