Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Франция елшісі «Нұр Ғасыр» мешітіне зиярат етіп келді (фото)

29.09.2016 3307 0 пікір

Франция елінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Франсис Етъет мырза Ақтөбе облысына арнайы іс сапармен келді. Елшіні ҚМДБ-ның Ақтөбе өңірі бойынша өкілі Т.Оспан күтіп алып, «Нұр Ғасыр» мешітімен таныстырды. Келген қонақ Франция мемлекетіндегі мешіттерді сипаттап, сұхбат арасында «Алланың үйі» адамның рухани ішкі дүниесін тынықтыратын орын екенін тілге тиек етті.

Мешітпен танысқан елші өкіл имамның қабылдауында болып, Құран Кәрім аяттарын тыңдап бата алды. Бас имам елшімен іздерін суытпай келесі жолы жолығу сәтін қарастырып, қонақтарды шығарып салды.

 

«Нұр Ғасыр» облыстық орталық

мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру