Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Жас Отан» Жастар қанатының отырысы өтті (фото)

29.09.2016 4094 0 пікір

Ақтөбе қаласында «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» Жастар қанатының облыстық партия филиалы өз  ғимаратында «Еркін пікір» партиялық жобасы аясында  жастар мен діни сала қызметкерлері арасында кездесу өткізді. Аталмыш шараға діни қызметкерлер өкілі ретінде «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің наиб имамы Досаналиев Мұрат барып қатысты.

Жиынға жиналған жастар көбінесе қазіргі қоғамымызда орын алып жатқан діни қарама-қайшылықтардың шешімі туралы мәселелерді қозғады. Жастар қанатының мүшелері жан-жақты пікір алмасып, сөз арасында шешімі қиынға соққан жайттарды саралап, талқыға салып сұрақтармен алмасты. Отырыстан соң діни қызметкер БАҚ өкілдері тарапынан қойылған сұрақтарға қанағаттанарлықтай жауап берді.

 

«Нұр Ғасыр» облыстық орталық

мешітінің баспасөз қызметі

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру