Қазіргі таңда жалпы дүниежүзі жұртшылығын мазалап отырған мәселенің бірі – әртүрлі бүлікшіл топтардың экстремистік әрекеттерге барып жатқандықтары болып отыр. Олардың кейбірі біздің елімізде де өз идеяларын таратпақ болып жүр.
Осының алдын алу мақсатында соңғы жылдары сол ұйымдардың әрекеттерін ауыздықтайтын елімізде бірқатар заңдар шығарылды. Бірнеше экстремистік деп табылған топтардың қызметіне тыйым салынды.
Солардың қатарында орын алған халықаралық «Таблиғи жамағат» миссионерлік ұйымына қатысты 2013 жылдың 28 ақпанында Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотымен оның Қазақстан аумағында қызмет етуі тоқтатылатындығы туралы шешім шығарылды.
«Таблиғи жамағат» еліміздің барлық өңірлеріне тарап, танымал болып қалған топтардың бірі.
Осыған орай, ағымдағы жылдың 28 қыркүйек күні «Иманғали» орталық мешітінде Атырау облысы Дін істері басқармасының қолдауымен «Шапағат» Деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» Қоғамдық қоры «Иманғали» орталық мешітімен бірлесіп, қаладағы таблиғи жамағатының өкілдеріне «Діни сауатсыздық экстремизм бастауы» атты кездесу өткізді.
ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің Бас имамы Батыржан МАНСУРОВ аталған шараны жүргізіп, мақсаты мен маңызына тоқталды.
Сонымен қатар кездесуге қатысқан Атырау облысы Дін істері басқармасының бөлім басшысы Кахарман МУСАЕВ, Атырау қалалық прокуратурасының бөлім басшысы Еркебұлан ЕРМЕКОВ, «Шапағат» Деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» Қоғамдық қорының директоры, теолог Қанат Жұмағұл, «Шапағат» орталығының директоры орынбасары, теолог Айбек АТАШЕВ сынды дін мамандары мен орган қызметкерлері «Қазіргі таңда күрделі мәселеге айналған дінге қатысты проблемалар жиілеп кеткендігін, түрлі ағымдар мен миссионерлер келіп діннен хабары жоқ жастарымызды адастырып, жихадқа соғысқа шақырып, түрлі терактіге ықпал етіп жүргендігін, біздің елімізде өз идеяларын таратпақ болып жүрген әртүрлі бүлікшіл топтардың кейбіріне бірқатар заңдар шығарылып, экстремистік деп табылған топтардың қызметіне тыйым салынғандығын тілге тиек етіп, елдің тыныштығы, бірлігінің бекем болуы тек мемлекеттің немесе имамдардың жұмысы деп қарамай, қоғам болып, әрбір адам өзіне, отбасына, айналасына қарап, атсалысса ішкі тұрақтылығымызды ешкім келіп бұза алмайды» - деген ой пікірлері мен бөлісіп, тұщымды ақпараттар берді.
WWW.MATURIDI.KZ
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
29.09.2016
3639
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру