Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өкіл имам Жаңаөзен қаласы Теңге ауылындағы мешітте болды

28.09.2016 3856 0 пікір

Маңғыстау облысы бойынша өкіл имам Смайыл Сейтбеков қала, аудан және ауыл мешіттерін үнемі аралап, мешіт жамағаттарына түрлі тақырыпта уағыз айтуды жүйелі жасап келеді.

Осындай кезекті уағызын Жаңаөзен қаласына қарасты Теңге ауылындағы «Қосай ата мешітінде» 25 қыркүйек күні бесін намазын жамағатпен оқып, «Аллаға деген шынайы сенім» тақырыбында тұщымды уағыз айтты. Уағыз барысында мұсылманның сенімі қандай болу керектігін айта келіп, Аллаға деген махаббат адамды екі дүниеде де бақытқа жетелейтінін ғибратты оқиғалармен жан-жақты етіп түсіндіріп өтті.

Алланың сүйікті құлы бола білу үшін тек құлшылық қана жеткілікті емес, жүректегі Аллаға деген сезім мен махаббат та аса маңызға ие екенін естен шығармаған жөн.

 

 

Маңғыстау облыстық орталық

 мешіттің баспасөз қызметі

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру