Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Сүлеймен Демирел атындағы университетте кездесу өтті

28.09.2016 3936 0 пікір

ҚМДБ Жастар ісі бөлімінің алматыдағы жетекшісі Есім Ержан Сүлеймен Демирел атындағы университетте жастармен кездесті. Басқосуда сот өкілдері мен прокуратура өкілдері және Қарасай ауданының бас имамы қатысты. Шарада негізінен деструктивті діни ағымдардың құрбаны болудан сақтану жолдары қозғалды.

Жастар ісі жетекшісі өз сөзінде Нұрбек қажы Есмағанбет бастаған Алматы қаласы дін қызметкерлері әрдайым жоғары оқу орындарымен бірігіп осы бағыттағы шараларды жиі ұйымдастырып келе жатқанын айтты.

Шарада әр ұйым өкілдері сөз сөйлеп, студент жастар өз көкейлеріндегі сұрақтарға жауап алды.

Университет басшылығы сөз сөйлеген мамандарға ризашылығын білдіріп, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өкілдерінің білім деңгейінің жыл санап артып келе жатқандығын жасырмады.

Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру