Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы: Ашық есік күндері қорытындыланды

28.09.2016 3573 0 пікір

ҚМДБ-ның Алматы қаласы бойынша өкіл имамы Нұрбек қажы Есмағанбет елімізге танымал дін ғалымдарымен бірге жалпы жұртқа «Ашық есік күнін» жариялаған болатын.

Бір айға созылған жобаның аясында мешіт жамағаттары қаланың Бас имамымен жүздесіп көкейлеріндегі өзекті мәселелер мен Қазақстандағы исламды көркейту жолындағы ұтқыр ұсыныстарын алға тастады. Сонымен қатар жоба аясында елімізге танымал ғұламалар Сансызбай Шоқанұлы, Ерсін Әміре, Бауыржан Әлиұлы сынды ғұламалар Бас имаммен бірге ашық есік күндерінде теріс ағымдардың сипатына тоқталып, олардан сақтанудың жолдарын баяндап, жамағаттың діни мәселелеріне жауап берді.    


Бас аяғы бір айға созылған жоба барысында қаладағы 8 ауданның орталық мешіттерін аралаған алқа 1800 жамағатпен жүздесті.

Бас имам жамағатты бірлікке, ынтымаққа, білімге шақырып, теріс ағымдардың дініміз бен еліміздің болашағына тигізер зияны мен залалы жөнінде сөз қозғады: «Біз қолымызда бар нәрсенің қадіріне кейде жете бермейміз, Алланың нығметтерін бағалай алмай жатамыз. Бір-бірімізді шынайы бауырмалдықпен жақсы көріп, құрметтемейміз. Жік-жікке бөлініп, әр қайсымыз әр жаққа тартамыз. Ал, егер де біз алдымызда тұрған имамды құрметтеп, мешіттеріміздің қадірін біліп, емін-еркін құлшылық жасауға, Исламды насихаттауға мүмкіндік берген Тәуелсіздікті қадірлеп, бір-бірімізге құрметпен қарайтын болсақ Алла Тағала бізді бұдан да жақсы күндерге жеткізетініне сенемін»,- деді.


Ашық есік күндері кеше Көптілеуов Бақытжан басшылық етіп отырған Жетісу аудандық «Әл-Мәдина» мешітінде қорытындыланды.

Жамағат пен мешіт басшылығын жақындастыратын осындай ашық ескі күндері алдағы уақыттарда тұрақты жүргізілмек.

Алла Тағала күллі жер бетінде тыныштық орнап, тату ғұмыр кешуді нәсіп етсін. Тәуелсіздігіміз баянды болғай! Әмин!

 

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру