
Маңғыстау облыстық орталық мешіттің әйелдер жамағаты екі жылдан бері мешіт ауласында қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастырып келеді.
Өз қолдарымен пісірген тағамдарын, бәліштерін, торттары мен самсаларын жұма намаздан шыққан жамағатқа арзан бағаға сатып, түскен қаржыны мұқтаж жандарға, жетімдерге, қараусыз қалған жалғызбасты жандарға, науқас балаларға беріп келді.
Осындай игі шараны 23 қыркүйек күні ұйымдастырып, жәрмеңкеден түскен 130 000 теңгені өкіл имам Смайыл Сейтбековпен ақылдаса отырып, мешітте тіркеуде тұрған бірінші кезекте көмек қолы созылуы тиіс 5 отбасыға берілді. Өз қолдарымен пісірген тағамдарын сатқан әйел жамағаты өз қолдарымен түскен қаржыны Алла разылығы үшін берді. Келген азаматшалар қайырымдылық жасаған әйел жамағатына ризашылықтарын білдірді.
Маңғыстау облыстық орталық
мешіттің баспасөз қызметі
![]()
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
28.09.2016
3449
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру