
Естеріңізде болса, осыдан үш жыл бұрын Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы мен Түркия Дін істері министрлігі арасында қазақстандық азаматтардың теологиялық мамандықтар бойынша жоғары діни білім алу мақсатында келісім жасалған болатын. Аталмыш келісім аясында елімізден аттанған шәкірттер Түркия елінің ірі оқу ордаларында білімдерін шыңдауға мүмкіндік алған еді.
Сол іргелі оқу орындарының қатарында 1976 жылы іргетасы қаланған «Хасеки» академиясы да бар. Түрік еліндегі діни әлеуетті көтеру һәм білікті мамандар дайындайтын даңқты оқу ордасына елімізден 2013 жылы 27 шәкірт, 2014 жылы 20 шәкірт қабылданған болатын. Сондай-ақ, биылғы жылы бұл ғылым ордасын тәмамдайтын түлектердің 20-сы – қазақстандық шәкірттер!
Осы орайда ҚМДБ тапсырысы бойынша «Әзірет Сұлтаннан – Хасекиге» атты жобасы басталып отыр. Жоба аясында «Хасеки» академиясы жайлы, ондағы ұстаздар құрамы мен білім жүйесі турасында, қазақстандық шәкірттердің білім жолындағы ізденістері мен өмірі жайлы деректі фильм түсіру жоспарланған. Түрік еліне жасалған осы бір тағылымды сапарға «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы, Muslim.kz сайтының діни сарапшысы Руслан Қамбаров пен «Хикмет» телерадиостудиясының фототілшісі Қайсар Тұрлыбеков аттанған болатын. Қонақтар «Хасеки» академиясының басшылығымен жүздесіп, ұстаздар қауымымен сүбелі сұхбаттар жүргізетін болмақ. Түсірілім жұмыстарын сайтымызда тұрақты түрде жариялап отыратын боламыз!










ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
27.09.2016
3428
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру