Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жамбыл жұртшылығы Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобымен жүздесті

27.09.2016 3736 0 пікір

Радикалды ағымдардан халықты қорғау, жат ағымдардың алдын алу мақсатында Жамбыл облысы Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы «Кеңесхан қажы» мешітінің жамағатымен кездесті.

РАТТ мүшелерімен өткен жиынға «Һибатулла Тарази» мешітінің найб имамы Ғалымбек Жапек, сондай-ақ, Ғазиз Ахметов бастаған қала имамдары да қатысты.

Мәжілісте ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитеті Исламдық діни бірлестіктермен байланыстар басқармасының бас сарапшысы Нұрғали Қабылов, "Хазрет Сұлтан" мешітінің найб имамы Асқар Әбітайұлы жамағатқа қазіргі болып жатқан жағдайлар, жат ағымнан қорғану, дұрыс және бұрыс мәліметтерді ажырата білудің әдістерін түсіндірді.

«Жалған ақпарат таратып, жұртшылықтың санасын улайтын сайттар ғаламторда жетерлік. Бүгінде бұл іс қатаң қолға алынып, күнделікті 40 000-нан астам сайт парақшалары жабылуда,» - дейді ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы Исламды зерттеу бөлімінің қызметкері Берікбол Жанақов.

Ал, Оңтүстік Қазақстан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу» орталығының бөлім басшысы Қайрат Ерғазиев болса, жамағатты бөлінбеуге, тату болуға, діни білімді арнайы дұрыс бағыттардан алуға шақырды.

Бағдарламаға сәйкес, аталған Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы бүгін М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-да, Тараз қаласы әкімшілігінде, Облыс әкімдігі білім басқармасында мәжіліс өткізген болса, ендігі кезекте Шу және Жамбыл ауданының жамағатымен жүздесуді, «Қазақстан-Тараз» телеарнасындағы сұхбатқа қатысуды жоспарлап отыр. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру