
Кеше Атырау облыстық «Иманғали» орталық мешітінің жанындағы медреседе кезекті екі айлық білім жетілдіру курсы өз жұмысын бастады. «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорымен бірлесе ұйымдастырылып отырған курстың ашылу салтанатына ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Мансұров қатысып, аталған курстың мақсат-міндеттерін айтып өтті.
Ислам ілімдерінің қоғамға қосар қызметіне тоқталған өкіл имам Б.Берденұлы: «Имам болу – үлкен жауапкершілік. Өйткені, имам – асыл дініміздің насихатшысы, ардақты пайғамбар (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) сүннетінің мұрагері, ізбасары. Сондықтан, оның әрбір айтқан сөзі, басқан қадамы – соңынан ерген жамағаты үшін үлгі-өнеге. Ілімсіз амалдың кемел болмайтынын ескерсек, тал бесіктен көр бесікке дейін ілім іздеуден жалықпай, әрдайым ізденісте жүру – имамдарымыздың басты міндеті. Имамдарға арналған білім жетілдіру екі айлық курсын тиянақты қолға алудағы мақсатымызда – осы», – деді өз сөзінде.
Атырау аймағы бойынша имамдардың білім жетілдіру екі айлық курсында Бас имам Батыржан Берденұлы, наиб имам Артық Жұмабекұлы, «Әт-Тақуа» мешітінің бас имамы Өсімхан Аманбайұлы және Қанат Жұмағұл, Мейіржан Рахматулла сынды білікті дінтанушылар дәріс өткізбек.
Жыл сайын дәстүрлі түрде жалғасын табатын курсқа биыл да 30-дан астам ауыл, аудан, қала имамдары (шәкірт) қабылданды. Айта кетерлігі, медреседе білім жетілдіретін имамдар жатын орын, үш мезгіл тамақ және діни оқулықтармен тегін қамтамасыз етілген.
«Иманғали» орталық мешітінің
баспасөз қызметі
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
27.09.2016
3883
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру