
Маңғыстау облысындағы мешіттер арасында шағын футболдан жарыс өтті. Шараны ұйымдастырушы облыстық орталық мешіттің жастар ісі бөлімінің басшысы Елдар Атибековтің айтуынша, жарыс тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай өткізіліп отыр.
Футбол жарысына Жаңаөзен қалалық мешітінен, Қызылсай және Теңге ауылдық мешіттерінен, облыстық орталық мешіті мен Мұнайлы аудандық мешітінен 7 команда қатысып, өзара сайысқа түсті. Командалар мешіт имамдары мен жамағатынан құралды.
Ақтық ойында Жаңаөзен қалалық мешітінің, Мұнайлы аудандық мешітінің, Қызылсай ауылдық мешітінің ойыншылары жеңіске жетті. Жеңімпаз командаларға ұйымдастырушылар тарапынан ақшалай сыйлық табыс етіліп, бірінші орынды қанжығасына байлаған Жаңаөзен қалалық мешітінің командасына кубок берілді.
Маңғыстау облыстық орталық
мешітінің баспасөз қызметі
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
27.09.2016
3813
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру