Қазіргі таңда дінге бет бұрған немесе діни сұрақтарға жауап іздеген жастар, соның ішінде мектеп қабырғасындағы оқушылар арасында көптеген кездесулер ұйымдастырылуда. Мақсат - дәстүрлі дінге қатысты дұрыс мәлімет беру және түрлі ағымдардың жымысқы әрекетінен сақтандыру.
Діни ағымдар өз идеологиясын әлеуметтік желі арқылы насихаттауды жолға қоюда. Өйткені, телефон мен планшетке телмірген жастардың кейбірі діни ағымдардың уағыздарын білместікпен тыңдайды. Осы орайда Маңғыстау облысының өкіл имамы Смайыл Сейтбеков Түпқараған ауданына қарасты Таушық ауылы мен Қызылөзен ауылдық орта мектеп оқушыларымен кездесу өткізді. Имам кездесу барысында діни ағымдардың зияны мен зардабы жайында жан жақты айта келіп, дәстүрлі дініміздің құндылықтарын ағымдармен шатастырмау керектігін баса назарда айтып өтті.
Сонымен қатар әлеуметтік желідегі түрлі діни уағыздар мен мақалаларды бет алды оқымауға кеңес берді. «Діни сұраққа жауапты, қажетті мәліметті Діни басқармаға қарасты сайттардан ғана алу керек және бекітілген имамдардың ғана уағызын тыңдауға болады», - деді имам.
Өкіл имам иманды жас ел болашағы екеніне тоқталып, мұсылман адамының бойынан табылуға тиісті жақсы қасиеттерді санамалап, «болашақта білікті маман болу үшін көп оқуымыз керек» - деп сөзін түйіндеді.
Маңғыстау облыстық орталық
мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
27.09.2016
4100
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру