Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Кез келген адамның уағыз айтуына тыйым салу қажет

26.09.2016 3931 0 пікір

«Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы, наиб мүфтий Серікбай қажы Ораздың айтуынша, бүгінде кез келген адамның уағыз айтып, діни дәріс оқуына тыйым салу қажет. Қазіргі заңда діни бірлестіктерге қатысты шектеу бар. Енді, оны жекелеген азаматтарға қатысты енгізу керек, – деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Осыдан бірнеше жыл бұрын бізде «Діни бірлестіктер туралы» заң қабылданған болатын. Сол жерде діни бірлестіктер өзінің аясында жұмыс жасау керек деп көрсетілген, территориясынан шықпай-ақ қойсын делінген. Менің міне шапаным бар, сәлдем бар, дін адамымын. Мен уағыз айтсам жарасады, оған құқығым да бар. Ал кез келген азамат мен де дін уағызын айта беремін деген секілді пәтерлерде жиналып, дәріс айтып жатса, онда қалай болады? Тәртіп қайда? Ереже қайда? Сондықтан сол кезде ескерілген еді, солай болғаны дұрыс деп. Бірақ бүгінгі заңның мазмұны шектеулерге қатысты болғандықтан, тыйым салу болғандықтан, мүлдем діни бірлестіктердің құзіретінде басқа жерде (уағыз айтуға – авт.) тыйым салу қажет деп ойлаймын», - деді Серікбай қажы Ораз Baq.kz тілшісіне берген сұхбатында.

Айта кетейік, бүгінде ҚР Парламент Мәжілісінде экстремизм мен терроризм мәселелері кеңінен талқыланып, осы мәселеге қатысты заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделіп отыр. Онда қару-жарақ саудасы, көші-қон, соның ішінде басқа қалаға барғанда, тіркеуге тұру мәселесі де бар. Бүгінде бұның барлығы талқылануда. Сондай-ақ діни туризмге қатысты бірқатар өзгерістер бар. Атап айтқанда, үлкен қажылықпен бірге кіші қажылықты бақылауға алу туралы ұсыныс бар.

Baq.kz 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру