Алматы қаласы мәдени саясат бойынша Қоғамдық кеңесінің комиссиясы дін қызметкерлерінің өтініштері негізінде оларға қолдау білдіру және ұсыныстарын жүзеге асыруға, көмек көрсетуге бағытталған жиын өткізді.
Жиын Алматы қаласы, Қоғамдық кеңесінің, атап айтқанда Р.Алшановтың, Құсман Шалабаевтың төрағалығымен «Тұран» университетінде өтті. Сондай-ақ жиынға аталған комиссияның мүшелері Жанарбек Садықұлы, Айдос Әміроллаұлы, Дін істері басқармасының басшысы Айдар Есенбеков, Алматы қаласының Бас имамы Есмағанбет Нұрбек Әуесханұлы қатысты.
Жиын барысында жаңа министрліктің құрылуына орай дін саласындағы заңнамаларға кейбір өзгертулер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстар талқыланды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының, оның ішінде дін қызметкерлерінің, мешіт имамдарының құзыретін анықтау, олардың әлеуметтік статусын жоғарылату, олардың құқығын қорғау, мұсылмандар басқармасына қарасты оқу орындарына мемлекеттік қамқорды күшейту, грант бөлу жөнінде ұсыныс беру және өзге де мәселелер жиынның негізгі тақырыбын құрады.
Жиынға қатысқан қалалық 47 мешіттің Бас имамдары мен «Нұр-Мүбарак» египет ислам мәдениеті университетінің өкілдері және комиссияның мүшелері аталған бағыттардағы өз ұсыныстары мен ойларын ортаға салды.
Ендігі кезекте аталған мәселелер арнайы құзырлы орындарға ұсыныс ретінде жолданбақ.
Алматы орталық мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
23.09.2016
3979
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру