
ҚҰРМЕТТІ БОЛАШАҚ ТАЛАПКЕР!
Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің Дайындық курстары жаңа оқу жылына шәкірттер қабылдайды. Дайындық курстарының заманауи үлгіде салынған кешенді оқу ғимараттары Алматы облысы Талғар және Балқаш аудандарында орналасқан. Арнайы жабдықталған бөлмелер, бай кітапхана, жатар орны, асханасы барлығы талапқа сай, шәкірттердің үздіксіз білім алуына бүкіл жағдай жасалған.
Нұр-Мүбарак университетінің оқу бағдарламасына сай және Бірыңғай ұлттық тесттегі емтихан пәндеріне дайындық ретінде білікті ұстаздар дәріс бермек. Нақтырақ айтсақ, ислам ақидасы, фиқһ, Пайғамбарымыздың (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өмірбаяны, Құран тәжуиді, араб тілі, Қазақстан тарихы мне Қазақ тілі сынды пәндерден дәріс жүргізіледі.
![]()
Дайындық курсына орта мектепті тәмамдаған жасы 30-ға толмаған ислам шарттарына бойұсынушы талапты, қабілетті жастар қабылданады. Жатар орын, ас-тағамдары толықтай тегін.
Құжаттар қазанның 22 жұлдызына дейін қабылданып, 25-30 қазан аралығында сұхбат өткізілмек.
Қажетті құжаттар:
- Өтініш;
2. Жеке куәлік көшірмесі;
- Аттестат немесе диплом (түпнұсқа);
- 3x4 мөлшердегі 6 фотосурет;
- 086-У үлгісіндегі медициналық анықтама+ флюрография түсірілімі;
- Наркологиялық анықтама;
- Сотталмағандығы туралы анықтама.
Мекен-жайымыз: Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы 73,«Академиялық қалашық» аялдамасы.
Телефондар: 8 /727/302-09-42.
Факс: 8/727/ 302-09-30.
Ұялы тел: 8747 190 71 91
Сайт: www.nmu.kz E-mail: nur-mubarak2001@mail.ru
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
23.09.2016
7762
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру