Шығыс Қазақстан облысы Өскемен өңірінен қасиетті сапарға аттанған қажылардың легі оралды.
Қасиетті парызын өтеп келе жатқан қажыларды күтіп алу шарасына Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің имамдары мен Өскемен қалалық мешіттерінің имам-молдалары мен жамағаттары, қаладағы БАҚ өкілдері келді.
Мұсылманның бес парызының бірі қажылық сапарынан қажы атанып қайтқан бауырларымыздың жүздерінде шаттық лебі есіп, күллі мұсылмандардың киелі құбыласы Меккеге барып, қажылық парыздарын орындап, туған жеріне аман-есен оралғандықтарына қуанышты екендіктерін білдірді.
Қажыларға ақ самайлы әжелер шашу шашып қарсы алып, ақ сақалды қария бата беріп, қажылықтарының қабыл болуын тілеп, елімізге ашық аспан, халқымызға бейбіт те, берекелі ғұмыр тіледі.
Шығыс Қазақстан облыстық
«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
23.09.2016
3469
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру